Павлодар облысында ойын-сауық орындарының қызметіне тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыда бірқатар орындардың қызметіне тыйым салу туралы шешім шығарылған. Атап айтсақ, караоке, қорқор, букмекер кеңселері, бильярд залдары, ойын клубтары, клубтар, боулинг ортальқтары сияқты ойын-сауық меекемелеріне, сондай-ақ, театр, кинотеатр, концерт залдары сияқты мәдени көпшілік орындардың жұмысына тыйым салынған.

Ал балалар сауықтыру лагерлерінің қызметіне 30 пайызға дейінгі жүктемемен рұқсат берілді.

«Мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтарыньң қызметіне бала санын 25-тен асырмау талабымен рұқсат берілсін», - деп жазылған қаулы мәтінінде.

Ал мешіт, шіркеу, собор, синагога сияқты діни мекемелерде бір адамға 4 шаршы метр орын сақтай отырып ұжымдық діни шаралар өткізуге болады.

Сауда ортальқтарының, сауда үйлері мен желілерінің, Ashyk жобасына қатыспайтын азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың, сұлулық салондары мен сабын бұйымдарын сататын орындардың, үй жаунарлары өнімдерін сататын дүкендердің, білім беру үйірмелерінің қызметіне күшейтілген дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, сағат 10.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Алайда сенбі, жексенбі күндері аталмыш нысандардың жұмысына толықтай шектеу қойылады. Бұл шектеу вакциналау бекеттері орналасқан сауда үйлеріне жүрмейді.

Азық-түлікке жатпайтын және азық-түлік тауарларын өткізетін базарлардың жұмысына бір адамға 4 шаршы метр орын сақталған жағдайда жұмыс уақытын шектемей рұқсат берілген.

Супермаркет пен гипермаркет те осындай талаппен жұмыс істеуге жол ашылды.

«Қоғамдық тамақтану нысандарыньң қызметіне жұмыс уақытын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін шектей отырып, жеткізу, алып кету режимін сағат 9.00-ден 22.00-ге шектей отыра рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.

Асхана типіндегі тамақтану орындарына сағат 9.00-ден 24.00-ге толымдылығы 50 пайызға дейін, ғимарат ішіндегі орындарды 30-дан асырмай, үстелдер арасында 2 метр қашықты қалдыра отырып, ұжымдық, отбасылық және басқа да бұқаралық шаралар өткізуге шектеу қою арқылы жұмыс істеуге рұқсат етілді.


Соңғы жаңалықтар