Павлодар облысында өрт сөндірушілер жаңа ғимаратқа көшті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы Ақтоғай ауданының бұрынғы ветеринарлық станциясының ғимаратына аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен «Өрт сөндіру қызметі және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-ің №15 өрт сөндіру бөлімі орналасты.

Бұл туралы ҚазАқпарат Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов төтеншеліктерді жаңа ғимаратқа көшуімен құттықтап, жаңа көліктердің кілттерін тапсырды.

Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар тарапынан аудан орталықтарындағы өрт сөндіру бекеттерінің материалдық-техникалық жағдайын нығайтуға едәуір көңіл бөлінгенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеке шешім қабылдап, Төтенше жағдай министрлігі құрылған еді. Жаңа нысан өрт сөндірушілердің қызметін едәуір жеңілдетіп, олардың жұмысына тың серпін береді деп ойлаймын.», - деді Әбілқайыр Сқақов.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өзінің құттықтау сөзінде Ақтоғай ауданының аумағында техногендік және табиғи апаттардың барлық түрі болып тұратынын атап өтті. Ол облыс басшылығына өрт сөндіру депосының реконструкциясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Бұл Төтенше жағдай министрлігі құрылғаннан бері республика бойынша жаңа ғимаратқа көшкен алғашқы өрт сөндіру бекеті. Аудандық гарнизонның жеке құрамына жауапты қызметтеріне сәттілік пен табыс тілеймін», - деді Ернұр Өтегенов.

Бұрынғы ветеринарлық станцияның ғимаратын жөндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 60 миллионға жуық қаражат жұмсалды.

Өрт сөндірушілерге арналған «Урал» автоцистернасы республикалық қазынадан бөлінген 38 миллион 800 мың теңгеге сатып алынды. Аудандық Төтенше жағдай бөлімі үшін облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа ВАЗ-2121 автокөлігі сатып алынды. Жаңа көліктің құны 5 миллион 987 мың теңгені құрайды.

Реконструкция жүргізілген ғимараттарда өрт сөндіру және қызметтік көліктерге арналған 4 бокс, қызметкерлердің төрт кабинеті, асхана, оқу сыныбы, спорт залы, мұрағат бөлмесі, арнайы құралдарды қоятын жай, диспетчерлік байланыс торабы орналасқан.


Соңғы жаңалықтар