Павлодар облысында өнер мектебі ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Лебяжинский ауданы Аққу ауылында Тұңғыш Президент күнінде және «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында «Өнер мектебі» есігін ашты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі білім беру басқармасына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Лебяжинский ауданының әкімі Серік Жанғазинов қатысты, ол ауыл тұрғындарын ерекше оқиғамен құттықтап, мектепке пианино тарту етті. Кең де жарық кабинеттерде 300 бала білім ала алады. Олар фортепиано, домбыра, қобыз үйреніп, вокал, хореография, көркем-сурет өнерін меңгере алады.

Ауыл тұрғындарына мектеп ғимаратында экскурсия ұйымдастырылды. Мектеп мамандары концерт дайындады, музыка, вокалдан өнер көрсетті. Ауыл тұрғындары басшылыққа балаларға шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал еткені үшін алғыс айтты.

 

Соңғы жаңалықтар