Павлодар облысында мұғалімді зорлаған күдікті ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Аққулы ауданында 19 жастағы ауыл мұғалімін зорлаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 120 және 121-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

«Күдікті ұсталды. Ұсталған адам – аталған ауданның тұрғыны», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. 2017 және 2018 жылдары Павлодар облысының тергеушілері қылмыстық істерді сотқа жолдаған.

«Кейіннен сот барлық істерді тараптардың бітімге келуіне байланысты тоқтатқан. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», - деп атап өтті ведомствода.

Еске сала кетейік, кеше Павлодар облысының Аққулы ауданы Майқарағай ауылында 19 жастағы мұғалімді белгісіз біреу зорлап кеткен еді.


Соңғы жаңалықтар