Павлодар облысында қысқы солярка өндіріле бастайды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Alef-trade» ЖШС жыл соңына дейін Павлодар облысында қысқы солярка өндірісі бойынша кешенді іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бір аптадан кейін «Alef-trade» компаниясы қысқы солярка өндірісі бойынша кешенді іске қосатын болады», - деп мәлім етті Павлодар облысының әкімдігінде өткен алқа отырысында облыстық Индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейітмағамбетов.

Оның атап өтуінше, өңірде Индустрияландыру картасы бойынша 2017 жылға жоспарланған сегіз жобаның алтауы іске қосылды.

«Желтоқсан айының соңына дейін тағы екі жобаны жоспарлап отырмыз - бұл «ДАНиЕР» және «Alef- trade» компаниялар», - деді Н.Сейітмағамбетов.

«Alef- trade» компаниясының өкілі өңір басшысы Болат Бақауовтың: «Биылғы жылы қысқы отынның алғашқы партиясын көре аламыз ба?», - деген сұрағына, барлығы іске қосу және ретке келтіру режіміне байланысты екендігін жеткізді. «Ол екі аптадан бір жарым айға дейін жалғасады». Оның сөзінше, 15 қаңтарға қарай Павлодар облысы өздерінен шыққан қысқы солярканы тұтынуы әсте мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар