Павлодар облысында құтқарушылар су тасқынының екінші кезеңі туралы ескертті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық ТЖД Жоғары Ертіс каскады су қоймасынан су жіберілгенде басталатын су тасқынының екінші кезеңін күтіп отыр, сондықтан сақтық шараларын сақтауға шақыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы күндері су тартылмайды, малдарды Ертіс өзеніндегі жайылымға жібермеу керек, балаларды ересектерсіз су жиналатын жерлерге жібермеу керек», - деп хабарады Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылардың деректері бойынша, Павлодар облысында су тасқынының екінші кезеңі Шығыс Қазақстан облысындағы Жоғары Ертіс каскады су қоймасынан су жіберілгенде басталады. Судың жіберілу кестесі барлық елді мекендерге таратылады.

Өңірлік ТЖД ақпараты бойынша, Павлодарда Ертіс маңындағы су тасқыны ахуалы сәуірдің алғашқы онкүндігінде тұрақты болған, елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

«Ауа райы күрт жылынбайды, температура күндіз аздап көтеріледі. Бұл ауа райы қар жамылғысының бірқалыпты еруіне қолайлы. Облыста қар жамылғысының биіктігі орташа бір-екі сантиметрді құрайды», - деп атап өтті Төтенше жағдайларды ескерту бөлімінің маманы Меруерт Шақабаева.

Соңғы жаңалықтар