+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Павлодар облысында көліктерінің терезелерін қараңғылаған үш мыңнан астам жүргізуші жазаланды

2021 жылғы 13 маусым 17:53
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында көліктерінің терезелерін қараңғылаған үш мыңнан астам жүргізуші жазаланды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының полициясы терезелерін қараңғылағаны үшін жүргізушілерді жазалауда. Тәртіп сақшылары терезелерді қараңғылауды жүргізушіге көруді шектейтін себептердің бірі деп атайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жарты жылда 39 мыңнан астам көлік шығарылды Елордада АҚШ азаматы мас күйде ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылды Алматыда бағдаршамға соғылған жүргізуші мерт болды

«Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жыл басынан бері 3073 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Павлодар қаласында Циолковский көшесіндегі үйге қарама-қарсы патрульдік полиция батальонының инспекторлары «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігін тоқтатты, оның алдыңғы бүйір әйнектерінде түрлі-түсті үлдір болған», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 14 585 теңге айыппұл салынды.

«Механикалық көлік құралы салонының алдыңғы бүйір әйнектерін бүркеуге не түрлі-түсті мөлдір үлдір жапсыруға тыйым салынады.Бұлай істеген жүргізушілере айыппұл салынады», - деп түсіндірді тәртіп сақшылары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT