Павлодар облысында картоптың келісі алқапта 45-55 теңгеден сатылады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 2018 жылмен салыстырғанда картоп 64 мың тоннаға артық алынған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Садыбеков мәлім етті. - Алдағы бес күннің ішінде көкөніс жинауды аяқтаймыз, - дейді Нұрлан Садыбеков. – Қазіргі таңда ұсақ шаруа қожалықтары ғана қалды. Былтыр алқаптан картоптың келісін 30 теңгеден сата алмағанымыз белгілі. Бұған қоса, былтыр да картоп көп болды. Биыл баға шамамен екі есеге өсті. Егін алқаптарынан 45-55 теңгеден сатылады. Әлеуметтік дүкендерде - 60 теңгеден. Біздің картопқа сұраныс өте жоғары және наурыз-сәуір айларына дейін сақталады. Спикердің айтуынша, ішкі нарықта картоп Батыс Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан және Алматы өңірлеріне жіберіледі. Сондай-ақ, Өзбекстан мен Ресей мемлекеттеріне де экспортқа шығарылады. Облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов 5 қазанда өңірде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталғанын атап өтті. - Биылғы жылы астық жинау алқаптары 1 млн 100 мың гектарды құрады, - деді Алмас Батанов. - Бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 мың гектарға дейін немесе 8,6 пайызға артық. Оның ішінде дәнді дақылдар – 785,7 мың гектар, майлы дақылдар – 210,4 мың гектар, жем-шөп – 74,9 мың гектар, картоп – 17,9 мың гектар, көкөністер – 6,7 мың гектар, бақша өнімдері – 2,8 мың гектар. Картоп толығымен 18 мың гектар алқаптан жиналды. Жалпы түсім 542 мың тоннаны құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 478 мың тонна болатын. Өткен жылы орташа өнімділік гектарынан 278 центнерді құраса, биыл 304 центнерден шығып отыр.

Соңғы жаңалықтар