Павлодар облысында карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысы аумағында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев мәлім етті.
- Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы 2021 жылдың 16 наурызынан бастап «жасыл» аймақта. Павлодар облысының аумағында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты карантиндік шаралар біршама жеңілдетілді, - деді Батырбек Әлиев.

Жаңа қаулы бойынша сауналар уақыты шектелмей жұмыс істейді. Ұжымдарда қызметкерлердің 30% қашықтан жұмыс істейді. Мәдениет нысандарында 50 адамнан аспайтын жағдайда дайындықтарға рұқсат берілді. Толымдылығын 30%-дан асырмай театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының жұмысына рұқсат берілді.
Сондай-ақ сыныпта балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат берілді. 300 адамға дейінгі контингенті бар қалалық және ауылдық мектептерде балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат берілді. Топтардың бірігуімен іс-шаралар өткізбей, ата-аналары мен еріп жүретін адамдарды енгізбей, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат етілді.
Балаларды түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары келушілер санын шектемей жұмыс істейді.
Толымдылығынан 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр сақталған жағдайда діни объектілердің қызметіне рұқсат беріледі.
Толымдылығынан 30% асырмай бильярд залдары жұмыс істейді. Толымдылығынан 30 % асырмай, адам санын 50 ден арттырмай, балалар ойын-сауық орталықтарының жұмысына (жабық бөлмелердегі ойын алаңдары) рұқсат беріледі.
- Бірақ караоке, қорқор бөлмелері, түнгі клубтар сияқты ойын-сауық мекемелерінің жұмысына шектеу әлі жалғасады, - деді бас санитарлық дәрігер.

Сонымен қатар, толымдылығынан 20% асырмай, көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат беріледі.
Оған қоса, толымдылығынан 30% асырмай, бірақ адам санын 50 асырмай жабдықтарды өткізуге рұқсат беріледі. Толымдылығынан 30% асырмай, бірақ адам санын 50 асырмай жабдықтарды өткізу үшін банкет залдарының қызметіне де рұқсат берілді.
Облыста ашық және жабық ғимараттарда жабдықтардан басқа көріністі, спорттық іс-шараларды, отбасылық, ойын-сауық, ұжымдық, корпоративтік және басқа шараларды өткізу үшін жалға алуға тыйым салынады.
Павлодар облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» №8 қаулысы 2021 жылдың 2 сәуірінен сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар