Павлодар облысында балықтардың жаппай қырылу себебі анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қырылған балықтарда патология анықталған жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы Ленин кентіндегі балықтардың жаппай қырылуына қатысты түсінік берді.

«Аталмыш факт бойынша уәкілетті органдар ғылыми ұйымдар мен ветеринарлық қызметтерді тарта отырып, тексеріп шықты. Балықтардың қырылуы тереңдігі 1,0-ден 1,5 метрге дейін болатын су қоймасының толық мұздауына байланысты екені анықталды. Су мен балық сынамалары алынды, сараптама қорытындысы балықтарда патология жоқ екенін көрсетті», - дейді ведомствода.

15 сәуірде жағалауды балықтан тазарту жүргізіледі.

Еске салсақ бұған дейін, Павлодар облысындағы Қарасу өзенінде балық қырылғаны туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар