+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Павлодар облысында азық-түлік бағасы қымбаттады

2020 жылғы 7 наурыз 21:14
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында азық-түлік бағасы қымбаттады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ақпан айында азық-түлік бағасы 0,8 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлар бойынша бензин – 1,4 пайызға, фармацевтикалық өнімдер бағасы 1,2 пайызға көтерілді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының статистика департаменті мәлім етті. - Павлодар облысында 2020 жылғы ақпанда тұтыну бағаларының индексі 100,8% құрады. Азық-түлік тауарларына – 0,8%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 0,4%-ға, ақылы қызметтерге 1,1%-ға баға өсуі байқалды, - деді департаментте.

Ақылы қызметтер бойынша ыстық су жабдықтау мен орталықтан 10%-дан тарифтер өсуі тіркелді. Азық-түлік тауарлары бойынша жармаға – 3%-ға, жемістер мен көкөністерге – 2,8%-ға, сары майға – 2,3%-ға, шайға – 2,2%-ға, макарон өнімдеріге – 1,3%-ға баға өсуі байқалды. Азық-түлік емес тауарлары бойынша бензин – 1,4%-ға, фармацевтикалық өнімдері бағасы 1,2%-ға жоғарылады.

фото: otyrar.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT