Павлодар облысында асханада уланған оқушылар саны 22-ге жетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Ирина Сорокина 9 қазан күні ауыл мектебінде астан уланған балалардың саны артқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аймақтық департаментінің басшысы Ирина Сорокинаның айтуынша, 12 қазандағы жағдай бойынша Павлодар ауылының №40 жалпы орта мектебінің асханасында астан уланған адамдардың саны 22-ге жеткен.

Айта кетсек, бұған дейін зардап шеккен 6 бала туралы айтылған болатын. Қазір оқушылардың 13-і ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде.

«Бұл түсінікті, себебі ішек жұқпасының инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін болуы мүмкін. Яғни қандай да бір жаңа себептер емес. Бұл 9 қазан күнгі болған жағдай. Ол туралы 10 қазанда айтыла бастаған еді. 13 балада улану, 8-інде ішек инфекциясы анықталды. Барлық іс-шаралар кешенін өткіздік, балалар тексерілді, мектептің өзінде барлық қажетті зертханалық сынама алынды: өнімдер де, шайындылар да, су да. Бірақ нәтиже алу үшін уақыт қажет. Біз нәтижелерді жылдам білу үшін микроорганизмдердің өсуіне әсер ете алмаймыз. Менің мәліметтерім бойынша, бүгінде алдын ала нәтижелер жоқ. Алғашқы мәліметтерді дүйсенбі-сейсенбі күндері күтеміз», - деп түсіндірді Ирина Сорокина.

Ол 10 қазаннан бастап мектеп асханасы жұмыс істемейтінін атап өтті.

«Әр баланың өз иммунитетінің деңгейі бар. Егер фактор 9 қазанда әрекет етсе, онда үш тәулік ішінде шағым білдіргендер санының ұлғаюын күтуге болады. Одан кейін жаңа жағдайлардың пайда болу ықтималдығы төмен. Алайда, оларды мүлдем жоққа шығара алмаймын», - деп қосты департамент басшысы.

Ирина Сорокиннің айтуынша, Павлодар ауылының № 40 ЖОМ асханасында бұрын жаппай улану оқиғалары болмаған. Бұл, қоғамдық тамақтану орнын жалға алған кәсіпкердің 20 жыл ішіндегі алғашқы жағдайы.

«Асхананы жалға алушыға лицензия 2014 жылы берілген. Бұл жаңа кәсіпкер емес, ол бірнеше жылдан бері осы асханада жұмыс істейді. Біздің соңғы тексерісіміз 2017 жылы болды. Себебі екі жыл бойы асхана санитарлық-эпидемиологиялық аудитте және оң нәтижелі есептерге ие», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар