Павлодар облысында ағаш отырғызу жобасы басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде тұңғыш рет қолға алынып жатқан ағаш отырғызу жобасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Bitfury жəне БҰҰДБ-мен Павлодар облысындағы көміртек іздерін төмендету жобасын іске асыруды көздейтін келісімге қол қойылды.Өңірдегі деректер өңдеу орталығының құрылысымен айналысатын Bitfury жобасы шеңберінде электр энергиясын пайдаланудың салдарынан болатын парниктік газ шығарындыларының зардабын ағаш отырғызу арқылы толтыруға ниетті. Мұндай жоба елімізде бірінші рет жəне ерікті түрде қолға алынуда. Келешекте бұл тəжірибе басқа өңірде де кеңінен қолданылады деген үміттемін», - деп жазады министр өзінің twitter парақшасында.



Соңғы жаңалықтар