Павлодар облысында адам өлтірді деген күдікпен ауыл тұрғыны ұсталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Мичурино ауылының шетінде 41 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Адам өлтірді деген күдікпен Шарбақты ауылының тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қазан күні сағат 19:30-да жедел қызметкерлер Павлодар ауданының Мичурино ауылының шетіндегі орман алқабында із-түзсіз жоғалған 41 жастағы әйелдің денесін тапты. Ол зорлықпен өлтірілген», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сай, аталған іс бойынша соталды тергеу басталды.

«Керек сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Масимов.

Департаменттің хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікпен Шарбақты ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар