+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Павлодар облысында 58 жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып алған

2021 жылғы 3 тамыз 22:45
Бөлісіңіз:
Павлодар облысында 58 жүргізуші көлігіне жалған нөмір тағып алған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында биылғы жыл басынан бері көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып алған 58 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделмек Ақтөбеде рульге ие бола алмай қалған зейнеткер жол апатынан көз жұмды

«Аталған бұзушылық ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігінде қарастырылған. Бұл, 20 АЕК мөлшерінде (58 340 теңге) айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Мысалға, Павлодар қаласында сағат 22:00-де Торайғыров көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін Toyota автокөлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК 595-бабының талаптарын бұзған.

«Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші көлігіне жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді. Автокөлік айып тұрағына жеткізілді», - делінген мәліметте.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT