Павлодар облысында 56 жастағы тұрғын өрттен көз жұмды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында екі үлкен өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Ақсу қаласының ауылдық аймағына кіретін Ақжол ауылындағы өрт кезінде бензин құйылған бес канистр мен екі баллонды қауіпсіз жерге шығарды. 101 пультіне өрт туралы хабарлама сағат 09:50-де келіп түскен», - деп мәлімдеді тілшілерге Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

«Әбдіров көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйдің кірпіш гаражында есіктің ағаш қаптауы мен ағаш сөрелер өртенген. Жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

«Өрт сөндірушілер ішіне бензин құйылған сыйымдылығы 20 литр екі канистрді және бензин құйылған үш пластик канистрді сыртқа шығарды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литр оттегі баллонын және 27 литрлік бір газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Газ бен түтіннен қорғау қызметі тобының жедел әрекеттерінің арқасында газ баллондардың жарылуы мен канистрлердегі жанармайдың өртенуіне жол берілген жоқ», - деп атап өтті аймақтыү ведомствоның баспасөз қызметінен.

Жалын сағат 10:10-да ауыздықталып, сағат 10:38-де толық сөндірілді. Өрттің себебі мен одан келтірілген шығын көлемі анықталуда.

«Тағы бір өрт Павлодарское ауылында болған. Оның салдарынан 1964 жылғы ер адам қаза тапты. Диспетчерлік қызметке өрт туралы хабарлама сағат 21:13-те келіп түскен. Өрт кезінде екібөлмелі тұрғын үй толық өртеніп, шатыры жарым-жартылай опырылып түскен. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған», - деп белгілеп өтті ТЖД-дан.

Көршілер өртке оранған үйден оның иесінің күйік шалған денесін алып шықты. Олар ер адамның спирттік ішімдіктерді көп ішкенін қосып өтті.

Оқиға орнына келген 103 қызметінің дәрігерлері оның өлімін тіркеді. №1 мамандандырылған өрт сөндіру қызметкерлері жалынды сағат 21:47-де ауыздықтап, 21:54-де толық сөндірді.

Төтенше оқиға орнында үш көлікпен келген облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің тоғыз қызметкері жұмыс істеді.

«Қазіргі кезде оқиға орнында сынақ-өрт сөндіру зертханасының қызметкерлері жұмыс істеуде, олар өрттің шығу себебі мен келген шығын көлемін анықтайды», - деп мәлімдеді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар