Павлодар облысында 35410 адам қазақша үйренді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ернұр Дәуеновтың айтуынша, жыл сайын мақсатты бөлінген қаражат есебінен қазақ және ағылшын тілдеріне тегін оқыту курстары ұйымдастырылған. Павлодар облысының қазақ тілін үйренгісі келетін әрбір тұрғыны тегін курстарға жазыла алады. «Жалпы соңғы 3 жылда облыс бойынша 35410 адам қазақ тіліне, 36727 адам ағылшын тіліне оқытылды. Жыл сайын облыс тұрғындары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеуден өтеді», -дейді ол.

Айта кеткен жөн, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен өңір әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы дүкеннің сатушысынан бастап, жұмыстағы әріптестермен қазақша сөйлесу қажеттілігі туралы пікір айтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар