Павлодар облысында 30-дан астам мас жүргізуші жеті жылға куәлігінен айырылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері Павлодар облысында 31 жүргізуші мас күйде көлік жүргізгені үшін жеті жылға куәлігінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертіс маңы тұрғындарын жол ережесін толықтай сақтайды деп айта алмаймыз. Бұған тәртіп бұзушылардың статистикасы дәлел. Тізімде қауіпсіздік белбеуін тақпаған жүргізушілер көш бастап тұр. Олардың саны мыңға жуық. Олардан қатты жылдамдықпен жүргенді жақсы көретіндер қалыспайды – 848 жүргізуші жылдамдық режимін бұзған», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кеткені үшін 493 облыс тұрғынына қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Тыйым салынған жерден жолды кесіп өткені үшін 1313 тұрғын жауапқа тартылған.

2020 жылдың басынан бері өңірде 161 жүргізуші мас күйде көлік тізгіндеген. Оның ішінде 31-і жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамалды.

Автор: Антон Гагарин


Соңғы жаңалықтар