Павлодар облысында 28 елді мекенді су басты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысында 2020 жылғы 1 қарашадан бастап 2021 жылғы 30 наурызға дейін жауын-шашын әдеттегіден 20%-ға артық түсті, топырақтың қатуы алдыңғы көрсеткіштерден 23%-ға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат Павлодар ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда облыс бойынша есепте су басқан 28 елді мекен бар. Оның ішінде 17-сі – тасқын судан, 11-і – Шығыс Қазақстан облысы су қоймаларының Жоғарғы Ертіс каскадынан су жіберу кезеңінде», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.


Оның айтуынша, Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы елді мекендер құтқарушылар мен биліктің бақылауында. Қардың күрт еруі кезінде топырақтың қатып қалуын ескере отырып, ТЖД өкілдері Баянауыл ауданының 101-ші шақырымындағы жолдар арқылы еріген судың асып кету мүмкіндігін болжайды. Бұл жерге көпір салынып, Ащысу өзенінің суын өткізу үшін қосымша екі су өткізу құбыры орнатылады. Құрылысшылар жол төсемін бір метрден артық көтереді, бұл көліктің кедергісіз өтуіне көмектеседі.


Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Игорь Рыбас брифингіде қала көшелерінен 500 мың тоннадан астам қар шығарылғанын айтты.

«Қазгидромет» Павлодар филиалының басшысы Маржан Құсайынова 1 қарашадан 30 наурызға дейін Павлодар облысы мен облыс орталығында жауын-шашынның жиынтық мөлшері нормадан 20% жоғары болғанына назар аударды. 25 наурыздағы жағдай бойынша қардың биіктігі 25 сантиметрді құрады.


Соңғы жаңалықтар