Павлодар облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы ауысты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып Айбек Тұрсынғалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Тұрсынғалиев жаңа лауазымға дейін «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарушы директоры болды.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жаңа басшыны кеңес барысында таныстырды.

Айбек Тұрсынғалиев 1988 жылы туған. 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде экономика және бизнес магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2010 жылы елордада «Kulager» құрылыс корпорациясы» ЖШС-да заңгер қызметінен бастаған. 2011-2014 жылдар аралығында «Petroleum consultants» ЖШС және «Нұр-Суат» ЖШС заң бөлімдерін басқарды. 2014-2017 жылдары – «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ арнайы экономикалық аймақтарды қаржылық және техникалық талдау департаментінде менеджер. 2017-2018 жылдары – Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары және бірінші орынбасары.

2018 жылы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ны басқарды. 2019 жылы Екібастұз әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2019 жылғы қазанда «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ға жұмысқа ауысты, онда бір жыл ішінде өңірлермен өзара іс-қимыл департаменті тобының директоры және басқарушы директоры лауазымында жұмыс істеді.

Фото : KAZAKH INVEST
Соңғы жаңалықтар