Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Олег Крук тағайындалды. Ол энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларына жауапты болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олег Крук 1967 жылы Павлодарда дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар индустриалды институтын бітіріп, өнеркәсіптік жылу энергетик мамандығын иеленді.
Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар ЖЭО-3-те слесарь болып бастаған. Университетті бітіргеннен кейін ол еңбек жолын жылу-электр орталығында жалғастырып, қазандық бөлімінде инженер-технолог, кейінірек бас инженердің орынбасарына дейін өсті.

1997 жылы Олег Крук «CCL-Energo Company» ЖШС сатып алу бөлімінің бастығы болды. 1999 жылдан 2002 жылға дейін «Солтүстік Қазақстан энергетикалық компаниясы» ЖШС, «Казснабцентр» ЖШС, «Казпромресурс» ЖШС және «Теплоцентр-Северный» ЖШС Павлодар филиалында қызмет етті.

2002 жылы «Павлодарэнерго» ААҚ жылу желілерінің директоры болып тағайындалды. 2006 жылы «Павлодар жылу желілері» компаниясын басқарды.

2007 жылы Олег Крук мемлекеттік қызметке ауысып, Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылығына тағайындалды.

2008 жылы ол Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, осы лауазымда төрт жылдан астам қызмет етті. Кейін кәсіпкерлікпен айналысты.

2020 жылы ол Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығына тағайындалып, онда бүгінгі күнге дейін жұмыс істеді.
Соңғы жаңалықтар