Павлодар мұнай зауытына қатысты тағы бір заңбұзушылық анықталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар мұнайхимия зауытына қатысты заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның басшылығымен «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС қызметін ведомствоаралық тексеру шеңберінде 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде зауыттың өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады. Монополияға қарсы департаменттің қорытындысын прокуратура іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры О. Алсеитов және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, зауыт басшысы екі айға қамалды.



Соңғы жаңалықтар