Павлодар ауданында 9 бас жылқы өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тілсіз жау Павлодар ауданының Ольгинко ауылында тіркелген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Кеше, 8 қазан күні сағат 16.42-де кезекшілік бөліміне № 3 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығының аймағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Шлактан құйылған базаның ағаш құрылымдары мен төбесі жанған. Сондай-ақ, жалын 180 шаршы метр аумақта 4 тонна шөпті шарпып өткен.

Өрт салдарынан базаның төбесі құлап, 9 бас жылқы оттың астында қалған. Оқыс жағдайдың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған.

Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына № 3 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, өрт сөндіру зертханасы шықты.

Сонымен қатар, жеке құрамнан 16 адам мен үш техника, ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 10 адам мен МТЗ-80 жұмылдырылды.

Өрт сағат 19.50-де ауыздықталып, 20.15-те толығымен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар