+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Павел Верниковтың құны 1,5 млн долларлық скрипкасын ұрлап кетті

2016 жылғы 12 желтоқсан 19:26
Бөлісіңіз:
Павел Верниковтың құны 1,5 млн долларлық скрипкасын ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сьондағы (Швейцария) Халықаралық музыкалық фестивальдің көркемдік жетекшісі, скрипкашы Павел Верниковтың XVIII ғасырда жасалған 1,5 миллион долларлық скрипкасын пойызда ұрлаған.

Бұл туралы 11 желтоқсанда ТАСС Le Matin Dimanche швейцариялық басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Музыканттың сөзіне қарағанда, бұл оқиға Женева әуежайынан Сьонға келе жатқанда болған. Пойыз вокзалға келіп, жолаушылар абыр-сабыр боп жатқан уақытта Верников небәрі бірнеше секундқа ғана алаңдады. Сол сәтті пайдаланған ұрылар скрипкасын жымқырып кеткен.

«Менің баламды ұрлап алғанмен бірдей болды. Онсыз мен ешқашан музыкамен айналыса алмаймын», - деп мәлімдеді скрипкашы.

Скрипканы Верниковқа Pro Canale миландық қоры берген еді. Скрипка шебері Джованни Батиста Гваданини (1711-1786) Антонио Страдиваридің (1644-1737) шәкірті болған. Ішекті аспапты жақсы әзірлейтіндердің бірі ретінде танылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Әлем  
Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT