Пәтерін жалға бергендер мүлік иелері бірлестігі жиындарына қашықтан қатыса алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәтерін жалға беріп, өздері басқа қалада тұрып жатқан пәтер иелері мүлік иелері бірлестігінің жиындарына электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қашықтан дауыс бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде «Қоғамдық қорғаушы» үкіметтік емес ұйымының Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Мұхамедғалиев осылай мәлім етті.

«Мүлік иелері бірлестігі арқылы ортақ коммуналдық шығындарды жинау көрсеткіші 95 пайыздан 99-ға дейін өсіп отыр. Яғни, борышкерлер қалмайды деп айтуға болады. Ал пәтерін жалдап, өздері басқа қалада тұрып жатқандарға қатысты айтсақ, «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңға түзетулер енгізілгеннен бері ЭЦҚ арқылы қашықтан дауыс беру мүмкіндігі пайда болды», - деді Талғат Мұхамедғалиев.


Соңғы жаңалықтар