Пәтер иелері кооперативі қызметіне қатысты сұрақ көп – Қайырбек Өскенбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі пәтер иелері кооперативі (ПИК) қызметіне қатысты мәселелердің барын алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан нысандар бойынша барлық деректер (құрылыс материалдары мен жұмыс кестесін қоса алғанда) келесі жылдан бастап Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланады. Құрылыс саласынан бөлек пәтер иелері кооперативі (ПИК) қызметіне қатысты да сұрақтар көп. Өйткені, біз қанша ақша жиналды және оның қайда жұмсалып жатқанын білмейміз. Пандемияға байланысты жауапты министрлік өкілі ретінде тұрғын үй шаруашылығына қатысты сұрақтарды үй иелерімен талқылау мүмкіндігі аз. Осы орайда Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі оң шешім, себебі бұл электронды жүйе. Яғни гаджет арқылы тұрғын үйіңіздің жағдайы мен оны жақсартуға тікелей қатыса аласыз», - деді Қ. Өскенбаев баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған жүйе арқылы ПИК қызметіне қатысты сұрақтарға да жауап алу және арыз-шағым қалдыру мүмкіндігі бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, вице-министр Е-Qurylys ақпараттық жүйесі таныстырды.


Соңғы жаңалықтар