Партиялық акция батырлар көшелерін ретке келтіруге мүмкіндік береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы «Қаһарман даңғылы» акциясын бастады. Оның аясында партия мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан батырлардың есімдері берілген көшелерді көгалдандыру мен абаттандыруға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында еліміздің жетекші саяси күші биыл кешендік іс-шараларды іске қосты. Солардың ішінде ардагерлерге дәстүрлі бару, оларға арналған концерттер ұйымдастыру және жастармен кездесуден бөлек, жаңа бастамалар бар. Соның бірі - ардагерлердің есімі берілген көшелерді жақсартып, ағаштар отырғызу және аулаларды ретке келтіру. Осы күндері сенбілікке 6000 нұротандық пен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері шығады.
null 

Қазақстанда соғыс қаһармандарының есімі берілген 1000 көше бар. Ардагерлердің аттарымен аталатаны көшелер мен даңғылдардың ең көбі Оңтүстік Қазақстан облысында, олардың саны 300-ге жуық.

Бұдан бөлек, мереке күндері нұротандықтар түрлі себептермен әскери және мемлекеттік марапаттарға ие бола алмай қалған батырлардың отбасыларын аралайды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

nullnullnull

Соңғы жаңалықтар