+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Парламент қабылдаған заң: Президентке жаңа өкілеттік беріледі

2020 жылғы 3 желтоқсан 12:17
Бөлісіңіз:
Парламент қабылдаған заң: Президентке жаңа өкілеттік беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында Президентке жаңа өкілеттік берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, заң жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы саласындағы заңнамасын жетілдіру.

Заң жобасымен «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына мынадай түзетулер енгізіледі:

- қаладағы аудандарды елді мекендердің құрамдық бөліктеріне жатқызу;

- облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы халық саны 400 мың адамнан астам болған кезде, оларда аудан құру;

- аудандық маңызы бар қаланың, кенттің және ауылдың өлшемшарттарын нақтылау;

- ҚР Президентіне ҚР Үкіметінің ұсынуы бойынша және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы шешім қабылдау бойынша өкілеттік беру;

- Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Президентіне республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыным енгізу бойынша жаңа құзырет беру;

- облыстық өкілді және атқарушы органдарға ҚР Үкіметіне облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елді мекендер етіп қайта құру туралы ұсыныс енгізу бойынша жаңа өкілеттік беру;

- аудандық маңызы бар қала әкіміне аудандық өкілді және атқарушы органдарға аудандық маңызы бар қаланы кент, ауыл санатына жатқызу туралы ұсыныс енгізу бойынша өкілеттік беру.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы саласындағы заңнаманы жетілдіруді көздейді және еліміздің әкімшілік-аумақтық бірліктерінің, оның ішінде аудандық маңызы бар қалалардың ағымдағы мәртебесін толық көлемде қамтуға бағытталған. Қолданыстағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларға халық саны 10 мың адамнан кем емес елді мекендер жатады. Қазіргі уақытта 48 аудандық маңызы бар қаланың 13-і халықтың саны бойынша қала мәртебесіне сәйкес келмейді, яғни осы аудандық маңызы бар қалаларда тұрғындар санының аздығына байланысты олардың мәртебесін өзгерту қажеттігі туындады. Алайда қолданыстағы заңнамада аудандық маңызы бар қаланың мәртебесін ауыл санатына өзгерту жөнінде норма қарастырылмаған», - деді сенатор Нұрлан Бекназаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT