Парламент ЕАЭО-да Арменияның сауда қатынасын жақсартуға жәрдемдесетін заңды қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу барысында 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін кейбір тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде көзделгеннен неғұрлым төмен импорттық кедендік баждарды қолдану мүмкіндігі берілген», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, 2019 жылғы желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында Армения Республикасының Премьер-Министрі Бірыңғай кедендік тарифке көшу кезеңін ұзарту туралы өтініш білдірді. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезең 2019 жылы аяқталған тауарларға қатысты төмен импорттық баждарды қолдану мерзімін 1 жылға ұзартуға келісті.

Осылайша, 2020 жылы шығарып тастау тізбесі 647 тауар позициясын құрады. 2021 жылғы

1 қаңтардан бастап Арменияда тек 94 тауар қалды, олар бойынша 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін төменгі импорттық баж салығы қолданылады. Бұл ет, жарма, көкөністер, асыл тастар мен жабдықтар сияқты тауарлар.


Соңғы жаңалықтар