Парламент депутаттарының мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар