Париждегі Нотр-Дам шіркеуін реставрациялау алдағы қыста басталады

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Париждегі собордың құрылымын күшейту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. Мамандардың жоспарына сәйкес алғашқы қалпына келтіру жұмыстары алдағы қыста басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

2019 жылы сәуір айындағы өрт кезінде Нотр-Дам шіркеуіне зақым келді. Ағаш шатыр мен шпиль толық өртеніп кетті және собордың қабырғасы мен бірқатар тірегінің бір бөлігі қирады.

Франция президенті Эммануэль Макрон тарихи нысанды бес жыл ішінде жөндеуді тапсырды. Алайда көптеген мамандар бұл мүмкін емес деп отыр. Нотр-Дам басшысы Патрик Шовенің ойынша шіркеуді толық қалпына келтіру үшін 15-20 жыл қажет.

Екі жылдан кейін собордың салына бастағанына 860 жыл толады. Ғимараттың алғашқы іргетасы 1163 жылы қаланған.


ФОТО/MATHIEU CHAMPEAU/AFP


Соңғы жаңалықтар