Парижде экстремалдар пойыз төбесіне мініп, Эйфель мұнарасының жанынан өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда экстремал-достар тобы пойыздың төбесіне мініп, Париждің орталығындағы Эйфель мұнарасының жанынан өткен.

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Видеоға сәйкес, адреналиннің бес әуесқойы қараңғы түскенде қаланың қақ ортасындағы стансалардың бірінде пойызға секіріп мініп, бір вагоннан келесі вагонның төбесіне өтіп жүрген.

Видеоны түсірген Рикке Брюэрдің  (Rikke Brewer)  айтуынша, ол және оның достары бұндай әрекетке «драйв алу және желді сезіну үшін» барған.

Соңғы жаңалықтар