Паралимпиаданың ашылу салтанатында Ауғанстан туын алып өтеді

None
None
ТОКИО. Kyodo-ҚазАқпарат - Токиодағы Паралимпиаданың ашылу салтанатында жарысқа қатыса алмайтын ауған споршыларының құрметіне Ауғанстанның туы бой көтереді. Бұл туралы дүйсенбі күні Жапония астанасында Халықаралық паралимпиада комитетінің (ХПК) басшысы Эндрю Парсонс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo-ға сілтеме жасап.

«Ауғанстан туы Паралимпиаданың ашылу салтанатында бой көтереді. Біз оны алып өту үшін БҰҰ босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссары басқармасының өкілін шақырдық. Осылайша, біз оларға тілектес екенімізді көрсеткіміз келеді. Олар (Ауғанстан паралимпиадашылары) Ойынға қатысуы тиіс еді, алайда, өкінішке қарай, бұл мүмкін емес», - деді ол.

Паралимпиадаға Ауғанстанның екі атлеті келуі тиіс еді. Олардың арасында Паралимпиадада Ауғанстаннан алғаш рет қатыспақшы болған әйел Закия Худадади бар болатын. Құрама Токиоға 17 тамыз келеді деп жоспарланған. Алайда, ХПК-дан мәлім еткендей, Ауғанстандағы жағдайға байланысты оны Жапонияға қауіпсіз жеткізудің амалы табылмады.

Токиодағы Паралимпиада ойындары 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейін өтеді.


Соңғы жаңалықтар