Пара алған теміртаулық бұрынғы басшы 5 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы Бақшагүл Рахимоваға пара алғаны үшін 5 миллион 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null

Теміртау қалалық соты «Теміртау қалалық білім бөлімі» ММ басшысы Бақшагүл Рахимова ҚР ҚК 366-бабы 3-тармағы «пара алу» бойынша айыпты деп таныды. Ол өз кінәсін мойындап, Теміртау прокуроры Арман Ақановпен кінәсін мойындайтындығы туралы процессуалдық келісім жасаған. «Сотталушы Рахимова Бақшагүлді Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2 және 3- тармақтары бойынша кінәлі деп танып, оған алған парадан жетпіс есе көп айыппұл салуды, яғни 5 миллион 600 мың теңге төлеу жазасын тағайындаймын. Қосымша жаза ретінде оның қылмыстық жолмен қол жеткізген мүлкі тәркіленеді», - деді Теміртау қалалық сотының судьясы Асанәлі Смайылов.

Бұдан бөлек, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар