+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Пара алған Қостанай облыстық білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды

2020 жылғы 22 желтоқсан 20:16
Бөлісіңіз:
Пара алған Қостанай облыстық білім басқармасының қызметкері 10 жылға сотталды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Алаяқтық жасап, пара алған білім басқармасы бөлім басшысының орынбасары сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда пәтер тонаған әккі ұры ұсталды СҚО-да әкімшілік қамаудан босаған ер адам көлік айдап кеткен Білім мекемесі бір дәптерді 95 мың теңгеге сатып алмақшы болған - Ақмола облысы

Мемлекеттік қызметкерге қатысты іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Облыстық білім басқармасына қарасты әдістемелік сүйемелдеу орталығының қаржыландыру және қаржылық есептілік бөлімі басшысының орынбасары Ш. қылмысын төтенше жағдай кезінде жасаған.

Ш. жергілікті ЖШС өкілінен 14 млн теңге алған. Ол серіктестікті мектептер мен колледждер үшін компьютерлер сатып алуға ойнатылған тендерде жеңуге уәде еткен. Алайда Ш.-ның мұндай өкілеттілігі болмаған. Ол серіктестік басшылығын алдап соққан.

«Жаза тағайындау кезінде сот қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай есебінде төтенше жағдай мерзімін негізге алды. Сот Ш.-ға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеумен 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды», делінген соттың баспасөз хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT