USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Панфилов ауданының әкімдігі мектепке әжетхана салу үшін ақша жинағандардың әрекетіне түсінік берді

2021 жылғы 28 қараша 20:05
Бөлісіңіз:
Панфилов ауданының әкімдігі мектепке әжетхана салу үшін ақша жинағандардың әрекетіне түсінік берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданының әкімдігі мектепке әжетхана салу үшін ақша жинағандардың әрекетіне түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істеп тұр Қызылорда облысының Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты Мектептегі каникулдардың мерзімі бекітілді

Әлеуметтік желіде мектептің ішіне әжетхана салу үшін тұрғындардан қаражат жиналып жатқандығы жөнінде жарияланды.

«Мынау не сұмдық? Мектепке кафельді халыққа ақша жинатып салдыруда. Сонда бұған ақша бөлінбейді ме? Президенттің тапсырмасымен қазір барлық жерде мектеп дәретханасы іште орнатылуы керек. Тексерулеріңізді сұраймыз»,- деп жазылған.

Видеода мектеп ғимаратының ішіне салынып жатқан дәретхана көрсетілген. Ол бастауыш сыныптарға арналғаны және кафельге ақша жетпей жатқаны да жазылған. Тұрғындардан ақшалай көмек сұралып, Kaspi банк карточкасына ақша аудару үшін телефон номері берілген.

«Мектеп екі корпустан тұрады. Бір корпусында ғана ішкі әжетхана бар. Екінші корпуста әжетхана жоқ. Ата-аналар өз бастамаларымен ішке әжетхана салғызып жатыр. Қаржы жетпей ата-аналар демеуші іздеген. Қазір құрылыс жұмысы 90 пайыз аяқталған. Өздері аяқтайтынын айтуда»,- делінген Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінің ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT