+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Пандемияға байланысты ел ішінде 41 және 21 халықаралық пойыз қатынасы тоқтап тұр

2021 жылғы 2 маусым 12:26
Бөлісіңіз:
Пандемияға байланысты ел ішінде 41 және 21 халықаралық пойыз қатынасы тоқтап тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 4 айында темір жол көлігімен 4,5 млн жолаушы тасымалданды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Ел экономикасының дамуында теміржол көлігі ерекше рөл атқарады. Салада 135 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оның 125 мыңы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметкерлері, ал 10 мыңға жуығы жеке компанияларда жұмыс істейді. Елдің темір жолдарының пайдалану ұзындығы 16 мың шақырым. Жалпы ұзындығы 21 мың шақырымнан асады. Жыл сайын шамамен 600 шақырым магистральдық желіні күрделі жөндеу жүзеге асырылады», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның дерегінше, 2021 жылдың 4 айында 4,5 млн жолаушы тасымалданды. Тасымалдаудың төмен көрсеткіштерінің себебі - карантин шектеуіне байланысты. Бүгінгі таңда пандемияға байланысты 41 пойыз, оның ішінде 21 халықаралық қатынас тоқтатылған.

«Жолаушылар тасымалын субсидиялауға 57 әлеуметтік маңызы бар маршруттарға 44 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған. Оның ішінде бүгінгі таңда 15,5 млрд теңге бөлінді»,- деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT