Пандемия Тәуелсіздік тойына көптеген түзету енгізді – Дәурен Бабамұратов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізілетін шаралардың форматын өзгертіп, ауқымын тарылтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, биыл Тәуелсіздік мерейтойы аясында елордада 800-ден астам шара өткізу жоспарланған екен. Бүгінде соның жартысына жуығы іске асқанымен, о бастағы ауқымы мен форматына түзетулер енген. Оның бәріне пандемиямен байланысты шектеулер себепкер.

«Пандемия Тәуелсіздік тойына сөзсіз әсер етті. Өкінішке қарай, қатаң санитарлық талаптар бойынша және елорданың «қызыл» аймақта болуына байланысты жабық ғимараттың ішінде өтуі жоспарланған, аса маңызды көптеген іс-шараны онлайн форматта өткізуге мәжбүр болып отырмыз. Бұған дейін де біршама шараның көлемін азайтып, қатысушылар санын шектеген болатынбыз. Ахуал осылай жалғасатын болса, көптеген жоспарға түзетулер енгізетініміз сөзсіз», - деді әкімдік өкілі.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» аясында елордалықтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған .

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қалас ы нда 300-ден астам шара өткізілді. Бұл шаралар 66 мыңнан астам адамды қамтып, атаулы көмек пен қолдау көрсетілді. «Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты», - деді әкімдік өкілі.


Соңғы жаңалықтар