Пандемия кезінде жұмыссыздықтың бірден белең алуына жол бермедік - Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бес жыл бұрын шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 24 пайыз болды. Қазір бұл көрсеткіш 32 пайызға жетті және салада 3,5 миллион отандасымыз жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бүгін астанада өткен VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

– Бүкіл әлемге тараған эпидемия былтырдан бері еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтірді. Қиын сәтте мемлекет бизнес саласына жан-жақты қолдау көрсетті. Әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 6,3 триллион теңге болатын дағдарысқа қарсы шаралардың 3 топтамасы жүзеге асырылды. Бұл ахуалды түзеуге және экономикалық белсенділік пен кәсіпкерлік бастамаларды қайта қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Жұмыссыздықтың бірден белең алуына және кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауына жол бермедік. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ел экономикасы 3 пайызға өсті. Мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра береді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» және Бизнестің жол картасы бағдарламаларының аясында 1 триллионнан кем емес қаржы бөлінгенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар