Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы төрт есеге артты — Бақытжан Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев «Алматыны дамыту — 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн таныстырылымы барысында Алматы орталығының тарихи келбетін сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың құрылыс саясатының маңызды бөлігі - орталықтың тарихи келбетін сақтау. Бұл өз кезегінде туристерді қызықтыруға әсер етеді. Тарихи орталықта ғимараттардың қасбеттерін жөндеу мен қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыс аясында 156-дан астам үйдің қасбеті қайта қалпына келтірілді. 2021 жылы 70 қасбетті жөндеу жоспарда.

«Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы да төрт есеге артқандықтан, азаматтарға қолжетімді болуы үшін туристік қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы таулы жерлерде 4 визит-орталық салынды, 1000 шақырым жаяу жүргінші жолы цифрландырылды, 500 шақырым жол абаттандырылды. Биыл қосымша 172 шақырым тау бағыттары абаттандырылады»,-деді Бақытжан Сағынтаев.

Таулы жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзге де жобалар пысықталып жатыр. Биыл тауда туристер бағыттан жиі адасып, ұялы байланыс нашар ұстайтын 14 қауіпті аймақ жабылды. Сондай-ақ тауда құтқарушылар пультіне апат сигналдарын беру үшін қосымша 10 радиожүйелік құрылғы орнатылады.

Соңғы жаңалықтар