Пандемия басталғалы әлемде әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пандемия басталғалы бері әлемде әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған, ал қалғанының жұмыс күні орташа есеппен 23%-ға қысқарған. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

ХЕҰ-ның бас директоры Гай Райдер ел үкіметтерін экономиканы қалпына келтіру және адамдарды жұмыс орнына қайтару үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды. Басқаларға қарағанда, Солтүстік және Оңтүстік Американың, сонымен қатар Еуропа және Орталық Азия елдерінің тұрғындары көп зардап шеккен. Сондай-ақ, жастар арасында өздерінің осал топтары бар: әйелдер ерлерге қарағанда жұмыс орындарын көп «жоғалтады». Көптеген елде олар экономиканың бейресми секторында жұмыс істейді. Мысалы, күтуші немесе үй көмекшісі және т.б. Оқшаулау режимінің енгізілуіне байланысты олардың көпшілігі жұмысынан айырылды.

Пандемияға дейін де бүкіл әлем бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары болды. Бұл көрсеткіштер тіпті 2008 жылғы қаржылық дағдарысы кезеңіндегіден де нашар, ол 13,6%-ды құрайды, яғни 267 млн жас жұмыссыз және оқымаған. Қазір жағдай тіпті төмендеді.


Соңғы жаңалықтар