Пандемия балалардың смартфонға құмарлығын арттырып, көз ауруын көбеюіне соқтыруда – депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов балалар офтальмологиясы саласындағы кемшіліктерді келтіріп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай коронавирус пандемиясы біздің балаларымызға смартфонды, компьютерлер мен басқа да гаджеттерді бұрынғыдан көбірек қолдануына итермеледі. Мұның салдары көру қабілетін нашарлатады. Көптеген елде балалардың көру қабілетінің азаюуы – ұлттық қауіп ретінде мойындалды. Балаларды қарайтын офтальмологтардың жоқтығы жағдайды тіпті қиындатып тұр. Ал жетекші офтальмологиялық емханалар адамдарды 18 жастан бастап қана қабылдайды», - дейді ол.

Депутат қазіргі қашықтан оқыту кезінде дене шынықтыру сабағының өзі эссе жазу күйінде өтіп жатқанын мысалға келтірді.

«Көзін қарату үшін ақша таба алмай жатқан адамдарға қалай көмектесеміз? Денсаулық сақтау министрлігінен алған жауаптан бұл жағдайда мемлекеттен көмек болмайтынын ұқтық. Ал әлеуметтік желіні ақтарып отырып, күнде-күнде көмек күткен науқастардың суретін көреміз», - деді ол.

Осы мәселелерді айта келе Мұрат Теміржанов бірнеше ұсыныс білдірді.

«Осыған байланысты Үкіметтен балалар офтальмологиясы саласындағы жағдайға түзету енгізіп, шұғыл шараларды қабылдауды сұраймыз. Сонымен қатар азаматтардың денсаулығына мән беріп, әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіп, көмек берілуі тиіс нақты адамдардың санатын анықтау керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар