Пан Ги Мун: Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық полигонды жапқаны үшін зор ризашылық білдіремін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мун «Нұрсұлтан Назарбаев – жаһандық ауқымдағы саясаткер» атты халықаралық конференцияда сөз сөйлеген алғашқы спикерлердің бірі. Ол ортақ болашақты құруға көмектесу үшін өткенімізде жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілетуге уақтылы ықпал еткен ерен көшбасшылық көрініс тапқан кезеңдерді жеке дара көрсету өте маңызды екендігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спикердің айтуынша, соңғы онжылдықтардағы осындай маңызды сәттердің бірі – Қазақстандағы Семей ядролық сынақ полигонының сәтті жабылуы және кеңестік стратегиялық ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартуы болды. Бұл адамзат үшін, біздің планетамыз үшін тарихи шешім болды. полигонда жасалған 500-ден астам жарылыс жергілікті тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға үлкен зиянын тигізді.

Аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтқан бұл батыл қадам сонымен қатар Қазақстанның ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы жаһандық көшбасшылығының бастамасы болды, сондай-ақ сыртқы саясаттың табысты болуына және жас ұлттың жаңа қалыптасып келе жатқан дипломатиясының жаңа биіктерге көтерілуіне ықпал етті. Бұған 2002 жылғы мамырдағы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді ратификациялау; 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Ядролық қарусыз әлем құру туралы маңызды декларациясын қабылдауға бастамашылық ету, және Біріккен Ұлттар Ұйымына 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялауға жәрдемдесу де кіреді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы ретінде мен шешуші көшбасшылық маңызды сәттерде жекелеген халықтардың ғана емес, бүкіл әлемнің траекториясын өзгертуге көмектесе алатындығына бірнеше рет куә болдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, барлық жаһандық көшбасшыларға БҰҰ-ның ядролық сынақтар мен таратуға тыйым салынған әлемді, сондай-ақ біз ядролық қарудан толығымен азат болатын әлемді құруға жәрдемдесуде күш-жігерін қайта жандандыруға шақырамын», - деп атап өтті Пан Ги Мун Елбасы Назарбаевқа сол тарихи шешімі үшін, сондай-ақ Қазақстанның жарқын әлемді құруға көмектесу жолында жалғасын тауып жатқан күш-жігері үшін зор ризашылығын білдіре отырып.


Соңғы жаңалықтар