Палестина-Израиль қақтығысының екінші аптасы тағы да қынды қырғынға ұласты

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Палестина-Израиль қақтығысының екінші аптасы жойғыш ұшақтардың бомбалауы мен зымырандардың кезектесе жарылған дауысынан басталды. Әскери әрекеттердің қарқыны үдемесе бәсеңдеген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

17 мамырға қараған түні израильдік авиация «ХАМАС» ұйымының жерасты тоннельдерін бомбалады, ал палестиналық тарап Израиль қалаларын зымыранмен атқылады. Газа секторындағы ресми өкілдердің хабарлауынша, өткен жексенбі – апта бойы қақтығыс кезіндегі өлім саны ең көп болған күн.

Газа Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жексенбі күні Израиль тарапы жасаған әуе соққысының салдарынан бірнеше үй қирап, 42 адам қаза тапқан. Олардың арасында 16 әйел мен 10 бала болған.


Одан кейін Израиль әскерлері содырлардың тоннель жүйесіне соққы жасалғаны туралы хабарлаған.

«Тоннельдердің опырылуы оның үстінде тұрған үйлердің қирауына әкелген. Соның салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тапқан», - делінген Израиль қорғаныс әскері – ЦАХАЛ хабарламасында.

Израиль әскерилері «ХАМАС» тобымен байланысты көшбасшыларды көздеп отырғанын мәлімдеді. Ертерек олар «ХАМАС» көшбасшы Яхья Синвар мен оның інісі Мухаммед Синвардің үйлеріне соққы жасаған.

Дүйсенбіге қараған түні әскери әрекеттер бұрынғы қарқынмен жалғасты.

«Әскерилердің айтуынша, Газадан Израиль қалалары Ашкелон мен Беэр-Шеваны зымырандармен атқылағаннан кейін израильдік ұшақтар ХАМАС-тың жоғары деңгейдегі командирлерінің тоғыз үйіне соққы жасаған. Үйлердің кейбірі қару сақтауға пайдаланылған», - делінген хабарламада.


Израильдік әскери-әуе күштері арасында Газаның басты медициналық мекемесі – төрт қабатты Аль-Шиф ауруханасы бар үкіметтік мекемелер мен үйлерге ұшақтан жүздеген әуе шаубылын жасаған, деп хабарлайды Middle Ease Eye.

Бомбалау электрлік жеткізу сымдарын зақымдады. Бұл анклавтың айтарлықтай аумағында электрдің сөнуіне алып келді.

Осы орайда қақтығысқа әлемнің алаңдаушылығы күшеюде.

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш әрі қарайғы әскери әрекеттердің өңірді «еңсерілмейтін дағдарысқа» ұшырату мүмкін екенін ескертті. Ол бұл «сұмдықты» тоқтатуға шақырды.

Бұдан ертерек Израильге АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі деэскалация бойынша келіссөзге қатысу үшін келген болатын.

Жексенбі күні, 16 мамырда АҚШ үшінші рет Израиль мен «ХАМАС» арасындағы қақтығысты тоқтатуға шақырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірлескен мәлімдемесін бұғақтады, деп хабарлайды The Times of Israel.

Дүйсенбі күні таңертең Израиль әскери ұшақтары Газа қаласының бірнеше ауданына 80 әуе соққысын жасады. Оның алдында «ХАМАС» әскерилері Израильдің оңтүстік жағына зымырандар жіберген болатын, деп хабарлайды BBC.

БҰҰ-да Газадағы отын жетіспеушілігі туралы ескертті. Бұл ауруханалар мен басқа мекемелерде электрдің өшірілуіне әкеледі.

БҰҰ-ның таяу шығыстағы бейбіт процесс бойынша арнайы үйлестірушісінің орынбасары Линн Хастингс Израиль билігіне БҰҰ-ға отын мен материалдар кіргізуге рұқсат беруін сұраған. Израиль билігінен мұның қауіпті екені жөнінде жауап алған.

Қазіргі кезде Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, анклавта қаза тапқандар саны – 197 адам, олардың ішінде 58 бала мен 34 әйел бар. 1 230 адам жарақат алған. Тель-Авив қаза тапқандар арасында ондаған әскерилердің бар екендігі туралы хабарлаған. Израильде қаза тапқандар саны – 10 адам, арасында екі бала бар.


Соңғы жаңалықтар