Пәкістанның Жалалабадтағы консулдығында болған кептелісте 15 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пәкістанның Жалалабад қаласындағы (Ауғанстанның Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы) консулдығы жанында орын алған адамдар кептелісінің салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы 10-нан астамы жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, 20 қазан күні 3 мыңға жуық ауғандық азамат виза алу үшін консулдықтың жанында жиналған. Әзірге анықталмаған себептермен кептеліс орнаған. Қаза болғандар арасында кем дегенде 11 әйел бар.

Пәкістан консулдығының ресми өкілдері әзірге бұл жөнінде ешқандай түсініктеме берген жоқ.


Соңғы жаңалықтар