Пәкістанның батысында сегіз адам жол апатынан мерт болды

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында сәрсенбі күні жол-көлік апатынан сегіз адам қаза тапты, тағы жиырмасы жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Ласбела ауданында провинция астанасы Кветтадан Карачиге бара жатқан қалааралық автобус жолдан шығып кетіп, аударылған. Мерт болғандар арасында әйелдер мен балалар бар. Жараланған азаматтардың барлығы ауруханаға жеткізілді, кейбірінің жағдайы өте ауыр.

Полицейлердің алдын ала болжамы бойынша, жол апатына автобус жүргізушісінің жылдамдықты арттырғаны себеп болған.


Соңғы жаңалықтар