Пәкістанда ұшақ апатында 98 адамның екеуі ғана тірі қалған

КАРАЧИ. ҚазАқпарат – Сарапшылар Пәкістанда жұма күні таңертең болған әуе апаты орнындағы ұшақ сынықтарын мұқият зерттеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат CBS News агенттігіне сілтеме жасап.
Бортында 100-ге жуық адам отырған Airbus ұшағы Карачи қаласындағы үйлердің үстіне құлаған. Апат кезінде екі адам тірі қалған.
Бейнебақылау камерасы ұшақтың тұрғын үйлер үстіне құлап түскен сәтін жазып алған. Құтқарушылар үйінді астынан банк президенті Зафар Масудты аршып алды. Абырой болғанда, Масуд тірі, тек бірнеше жері сынған. Оның қасындағы жолаушы Мұхаммед Зубаир де аман қалған.
«Ұшақ өртене бастады... Мен қауіпсіздік белдігін шештім, жарықты көрдім», деді ол аурухана палатасында жатып.
Авиациялық қызмет өкілдері бортында 98 адам болған А320 ұшағы Лахордан ұшып шығып, Карачиға қонбақ болғанын мәлімдеді. Алайда, жол үстінде екі қозғалтқышы да істен шыққан.
Пәкістан жақында коронавирус пандемиясы кезінде бірнеше аптаға созылған карантиннен кейін ішкі рейстерді қайта қалпына келтірген. Елдің премьер-министрі Имран Хан ұшақ апаты толық тергелетінін айтып уәде берді.
- Ресейде таудағы шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды
- Тунистің бірнеше өңіріне жаппай тәртіпсіздікпен күресу үшін әскер жіберілді
- Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталады
- Бельгияда коронавирустың «британдық» штаммы тарап жатыр
-
Индонезияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 80-ге жуықтады
-
Амстердамда 100-ден астам адам рұқсат етілмеген наразылық акциясында ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам