Пәкістанда кеме апатынан сегіз адам ажал құшты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пәкістанның шығысында Пенджаб провинциясының Сатледж өзенінде кеме аударылып, сегіз адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ARY телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, кемеде оннан астам жолаушы болған. Апат болған аймақта іздеу жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Полиция келеңсіз жағдайдың себептерін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар