Пәкістанда айыпталушы сот залында есірткі қабылдаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Карачи қаласының сотында айыпталушы сот залында есірткі қабылдаған. 

Оқиға камераға түсірілген, деп хабарлайды Geo News телеарнасы. Хуррам Аббас осы телеарнаға берген сұхбатында есірткіні түрмеде  300 рупийге (үш доллар) сатып алуға болатындығын айтқан. Оған тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін айып тағылды. Оны бақылауға тиіс болған полицей жауапқа тартылады. Сондай-ақ, сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралардың қалай қабылданғаны тексерілуде. 

Соңғы жаңалықтар