Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

None
None
ИСЛАМАБАД. ҚазАқпарат – Пәкістанның әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу жойғыш ұшағы елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мардан ауданында жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат Geo News телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пәкістанның ӘӘК өкілінің мәлімдеуінше, ұшқыштың тағдыры белгісіз.

Ұшақ құлаған жерде арнайы комиссия жұмыс оқиғаның себептерін анықтау үстінде.

Осыған ұқсас апат ағымдағы жылдың тамыз айында орын алған еді. Ол кезде Пәкістанның солтүстігіндегі Атток қаласында ӘӘК-нің екіорындық жойғышы апатқа ұшырады. Оның екі ұшқышы катапульталанды.


Соңғы жаңалықтар